Ауыл

Ауылдағы ет дүкені

Мәртөк ауданының орталығы тағы бір ет дүкенімен толықты. «Бастау-Бизнес» курсында оқып, 1200000 теңге көлемінде қайтарымсыз грантқа ие болған ерлі-зайыпты Сыдықовтар орталықтан ет дүкенін ашты. Жас отбасылар бұған дейін азық-түлік дүкенін ашуға ниеттенгенімен, қаражат тапшылығы қолды байлап келген.

Жаңабай Сыдықов бұдан екі жыл бұрын дүкен ғимаратын сатып алады. Алайда ол бос тұрған. Қайтарымсыз қаражат алған жас отбасы тұрғындардың сұранысына сай ет өнімдерін сатуды жөн көріпті.

Малды ауылдағы шаруа қожалықтарынан аламын. Ет өнімдерін көбейткіміз келеді. Әзірге тартылған ет пен тұшпараны қолдан жасап жатырмыз. Мен дүкенге етті жеткізіп беремін, келіншегім — сатушы. Екеумізге де кәсіп табылды. Біздің осы бизнесті бастауымызға мемлекеттің қолдауы себеп болды. Ақшамызға құрал-жабдықтар сатып алдық. Сауда айналымы жақсы жүріп жатса, тауар өнімдерін де көбейте береміз, — дейді дүкен иесі.

Бүгінгі күні Мәртөк ауданының орталығында 6 ет дүкені жұмыс істеп тұр.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button